«Ұлы дала жорығы» марафон – бәйгесі басталды
5-ші дүниежүзілік көшпенділер ойыны қарсаңында елімізде «Ұлы
дала жорығы» атты халықаралық марафон-бәйгесі басталды. Солтүстік Қазақстан
облысынан бастау алған аламан Астана қаласында аяқталмақ. Дүбірлі додаға
Түркия, Ресей, Қырғызстан, Оңтүстік
Африка, Иран, Венгрия сынды шет елдерден шабандоздар қатысып, бақ сынайды.
Елімізде тұңғыш рет «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесі
халықаралық деңгейде ұйымдастырылды. Байрақты бәйгеге барлығы 17 елдің құрамасы
қатысуда. Оның 8-і алыс-жақын шет елдерден келген команда.
Ұйымдастырушылардың
айтуынша аталған жарыс ұмыт болып бара жатқан жылқы тұқымдарын қайта жаңғыртып,
оларды әлемдік деңгейде насихаттау. Бұл жолғы жарысқа Адай, Найман, Көшім,
Жетісу арғымағы секілді Қамбар ата тұқымдары
қатысып жатыр.

