Олимпиаданың он екінші күні
Олимпиадада
ерлер арасында ескек есуден сынға түскен спортшыларымыз есе жіберді, өкінішке
қарай. Ал, боз кілемде күш сынасқан балуандарымыз алғашқы белдесулерін сәтті
бастағанымен, ширек финалда жарыс жолынан шығып қалды.
Париждегі бүгінгі бәсеке күнін Бекарыс Раматулла бастады. Ол байдаркада 1000 метрге ескек есудің жекелей сынында 3:44:47 секунд уақыт көрсеткішімен өз тобында сынға түскен алты спортшының ішінен соңғы болып мәре сызығын кесті. Дегенмен, жарыстың ережесіне сәйкес, әр топта үздік шыққан 2 спортшы жартылай финалға тікелей жолдама алса, одан төмен көрсеткішке жеткен спортшылар ширек финалда бақ сынайды. Егер ширек финалда үздіктер қатарынан көріне алса, жартылай финалға өтеді. Ал, каноэмен ескек есуден ерлер арасының жекелей сынында бақ сынаған Сергей Емельянов өз тобында өнер көрсеткен бес спортшы арасынан мәреге 4:05:31 уақыт көрсеткішімен төртінші болып жетті. яғни ескекшіміз жартылай финалға өте алмады. Одан басқа, грек-рим күресінде бозкілемге 87 келі салмақта қазақстандық балуан Нұрсұлтан Тұрсынов шықты. Алғашқы белдесуінде балуанымыз мысырлық Мохамед Метваллимен белдесіп, қарсыласын 10:1 есебімен жеңді.
Ширек финалда Нұрсұлтан Тұрсынов Токио
олимпиадасының чемпионы, украиндық Жан Беленюкпен шықты. Бұл тартыста
балуанымыз 3:7 есебімен есе жіберді.

