Қазақстан мен Румынияның көлік және логистика саласындағы ынтымақтастықтың жаңа көкжиектері

Қазақстан мен Румынияның көлік және логистика саласындағы ынтымақтастықтың жаңа көкжиектері

Қазақстан мен Румыния Транскаспий Халықаралық көлік бағытын бірлесіп дамытатын болады. Бұл туралы екі елдің Көлік министрліктері арасында уағдаластыққа қол жеткізілді. Румыниядағы Констанц портының мүмкіндіктері мен артықшылықтары «Орта» дәліздің әлеуетін ашуда, сондай-ақ транзиттік жүк ағындарының көлемін өзара ұлғайту және мультимодальдық тасымалдар мен логистикалық процестер саласында озық тәжірибе алмасу үшін тараптар арасындағы серіктестікті нығайтуда маңызды рөл атқаруы мүмкін. Бұдан басқа, Қазақстан мен Румыния авиациялық оқиғалар мен оқыс жағдайларды тексеру саласында бірлесіп жұмыс істейтін болады. Осы саладағы өзара түсіністік туралы меморандум ынтымақтастықты дамытуға және кеңейтуге, сондай-ақ, ұшу қауіпсіздігі деңгейін арттыру мақсатында еуропалық стандарттар бойынша Қазақстандық мамандардың біліктілігін еселей түсуге мүмкіндік жасауға бағытталған.