Қажылық тәртібін бұзғандар 20 мың сауди риалын төлейді

Қажылық тәртібін бұзғандар 20 мың сауди риалын төлейді

Биыл 4 мың қазақстандық үлкен қажылыққа бара алады. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мәліметіне қарағанда, Сауд Арабиясы Қазақстанға осынша квота беріп отыр. Үлкен қажылық сапар 15 мамыр мен 5 маусым аралығында өтеді. Алматы, Астана және Шымкент қалаларынан Медина мен Жиддаға тікелей рейстер шығуы тиіс. Биылғы құлшылыққа баратындардың сапарын ұйымдастыруға 14 туроператор мен 3 әуе компаниясы рұқсат алған. Діни басқарма қажылыққа шығу тәртібін, вакцинациялау талаптарын және Сауд Арабиясында болу ережелерін де бекітіп отыр. Оның үстіне Таяу Шығыстағы ахуалға байланысты тексеру күшейтілген. Ережені бұзғандар 20 мың сауд риалына дейін айыппұл төлейді. Бұл 2,5 млн теңге шамасында.