Жалпыхалықтық референдум басталды

Жалпыхалықтық референдум басталды

Жалпыхалықтық референдум басталды. Дәл қазір, елдегі барлық аймақта 10 413 референдум учаскелері ресми жұмысына кірісті. Оның 9 779-ы азаматтардың тіркелген мекен-жайлары бойынша орналасса, 634 учаске уақытша тіркеу орындары ретінде ашылды. Жат жерде жүрген отандастарымыз да саяси науқаннан шет қалмайды. Әлемнің 54 елінде 71 дауыс беру учаскесі қойылған. Оған шамен 14 мыңға жуық Қазақстан азаматы келіп, өз таңдауын жасауы тиіс.  Референдумның ашық әрі әділ өтуін халықаралық бақылаушылар да назарда ұстайды. Бұл науқанды 38 елден келген 133 байқаушы және 11 халықаралық ұйымның 226 өкілі қадағалайды. Дауыс беру парағында бір ғана сұрақ қойылған. Ол «Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдайсыз ба?» деген. «Иә» немесе «Жоқ» деген жауапты таңдауыңызға болады. Дауыс беру кешкі 20:00-ге дейін жалғасады. Одан кейін санақ жүріп, түнгі 24:00-де экзитпулдың алғашқы қорытындысы жарияланады.