«Қызылорда-Арал» автожолы ақылы болады

«Қызылорда-Арал» автожолы ақылы болады

Көлік жүргізушілеріне құлаққағыс. Осы жексенбіден бастап «Қызылорда-Арал» бағытындағы жол ақылы болмақ. Дегенмен бұл талап автобус пен жүк көліктері үшін ғана енгізіліп отыр. Ал жеңіл көлік иелері жолды тегін пайдалана береді. Жалпы бұл екінші техникалық санаттағы жол. Ұзындығы 454 шақырым. Арнайы төлем бекеттері болмайды, оның орнына ыңғайлы «ашық» төлем жүйесі қолданылады. Төлем жасаудың 10-ға жуық әдісі бар: интернет-банкинг, төлем терминалы мен электрондық әмиян, ұялы телефон балансынан дегендей. Жергілікті тұрғындар үшін бір айлық және бір жылдық абономенттер де қарастырылған. Айта кетерлігі, бұл жолмен көршілес мемлекеттердің жүк көліктері жиі жүреді. Сондықтан ақылы жолдан түскен қаражат автобанды күтіп ұстауға жұмсалады.