Қазақстанда дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізуге дайындық жүріп жатыр

Қазақстанда дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізуге дайындық жүріп жатыр

Дүниежүзілік 5-і көшпенділер ойындарына 4000-ға жуық спортшы қатысады. Айта кетсек дүбірлі дода алғаш рет Қазақстан астанасында күзде өткізілмек. Қатысушылар ұлттық және халықтық ойындардың 20 түрінен сайысқа түспек. Оның ішінде қазақ күресі, садақ ату, ат жарысы, саятшылық, дәстүрлі зияткерлік ойындар бар. Қазір Астанада осы шараға дайындық қызу жүргізілуде. Мәселен, көшпенділер мәдениетінің әралуандылығын көрсету үшін арнайы этноауыл құрылады. Онда Көшпенділер өркениеті музейі мен ұсталар қаласының экспозициялары ұсынылады. Бұл байрақты бәсеке, яғни, көшпенділер ойындарының Қазақстанда өткізілуі 2024 жылдың басты шараларының бірі екенін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та өзінің сұхбатында айтты.
Абылай Қондыбаев, Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу дирекциясы басшысының орынбасары:
– Халықаралық қатынастар бойынша жұмысты жүргізіп жатырмыз. Бесінші Дүниежүзілік көшпенділер ойынына қатысуға ниет білдірген мемлекеттердің саны бүгінгі таңда 100 ден асады. Қазір дайындық жұмыстарын бастап кеттік. «Алау» мен «Астана» аренада жөндеу жұмыстары болады.
Естеріңізге сала кетсек, алғашқы 3 көшпенділер ойындары Қырғызстанда өткізілген. Ал төртінші ойындар Түркияда өтті.