Республикалық білім додасы өтті
Түркістан облысында жастардың құқықтық сауаты, қаржылық білімі және сыни ойлау деңейі сыналды. Шардарада «AL-FARABI» республикалық интеллектуалдық ойыны өтті. Облыс әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылған білім сайысына елдің түкпір-түкпірінен келген жастар мен түрлі сала мамандары қатысты.

