Қазақстан Парижде жол саласын цифрландыру тәжірибесімен бөлісті
Қазақстандық жол құрылыс материалдары мен технологияларының бірыңғай базасы, көпірлерді басқарудың жүйесі және өшпейтін бірегей жол белгілері. Саланың осы текті тың отандық әзірлемелері Парижде таныстырылды. Осы күндері Франция астанасында «PIARC» Дүниежүзілік жол қауымдастығы техникалық комитетінің кезекті отырысы өтіп жатыр. Бұл сала мамандарының өзара пікір бөлісіп, тәжірибе алмасуына арналған бірегей халықаралық алаң. Сарапшылардың пікірінше, жаһандық деңгейдегі аса ауқымды іс-шара жол құрылысын жетілдіруге бағытталған озық технологиялар мен дүниежүзілік талаптарға сай құжаттамаларға қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Берік Қамалиев, PIARC Дүниежүзілік жол қауымдастығы
ұлттық комитетінің төрағасы:
- Техникалық комитеттердің жұмысы қыза түсті. Техникалық комитеттің бірінші
стратегиялық мақсаты – қыс мезгілінде техникалық қызмет көрсету, көлік
қауіпсіздігі, сондай-ақ активтерді басқару және декарбонизациялау. Жол саласы
инфрақұрылымының тұрақты дамуы, көлік қатынауының қауіпсіздігін қамтамасыз ету,
және жолды басқару мәселелер қашанда өзекті. Мұнда әлемнің түкпір-түкпірінен 125 жуық елінен келген 1200 сарапшы бас қосып, келесі төрт жылдықта атқарылуы тиіс жұмыс
тәртібін бекітеді. Яғни, 2024 тен 2027
жылға дейін бүкіл әлем бойынша жол саласын дамыту бойынша өзара ой бөлісіп, пікір алмасады.
Сондықтан PIARC дүниежүзілік жол қауымдастығының тұғырнамасы отандық сарапшылар
үшін өзге елдегі әріптестермен тәжірибе алмасуға мүмкіндік ашады.

