Шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-пленарлық отырысы

Шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-пленарлық отырысы

Қазақстанда әлемдік технологиялық компаниялар шоғырланатын жаңа цифрлық хаб құрылуы мүмкін. Шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-ші пленарлық отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елде деректерді өңдеу орталықтарының ірі алқабы жасақталатынын айтты. Қазірдің өзінде бұл жобаға Amazon, G42 және басқа да жетекші технологиялық компаниялар қызығушылық таныта бастаған. Мемлекет басшысы мұны жаңа инвестиция тартумен қатар, Қазақстанның цифрлық экономикасын күшейтетін маңызды қадам деп бағалады.