БАҚ өкілдеріне олимпиада қалашығы таныстырылды

БАҚ өкілдеріне олимпиада қалашығы таныстырылды

Париж олимпиадасының басталуына 1 күн қалды. Ертең байрақты бәсекенің алауы тұтанады. Бүгін әлемдік БАҚ өкілдеріне олимпиада қалашығы таныстырылды. Яғни, бұл жерде төрткүл дүниенің 200-ден астам елінен келген 15 мыңға жуық спортшы орналасады. 300 мың шаршы метр аумақты құрайтын олимпиада қалашығы атақты Эйфель мұнарасының маңында орналасқан. Қонақ үй кешендері де әртүрлі. 7 жылда салынған 80-нен астам ғимаратта 7 200 бөлме бар. Ал, қазақстандық жанкүйерлердің алғашқы легі жерлестерімізді қолдау үшін Францияға жетті. Олар, былғары қолғап шеберлері мен палуандарға сенім артамыз, - дейді.