Биылғы 7 айда елде қылмыс саны азайды
Биылғы 7 айда елдегі қылмыс саны 9 мыңға азайды. Адам өлтіру, қарақшылық, денсаулыққа ауыр зиян келтіру, бұзақылық және тағы басқа негізгі қылмыс түрлерінің төмендеуі байқалады. Бұл туралы президент қабылдауында Ішкі істер министрі айтты. Ержан Сәденов Мемлекет басшысына еліміздегі қылмыстық ахуал мен Заң мен тәртіп қағидатының орындалуы туралы баяндады. Президент құқық қорғау органдарының кеңейтілген алқа отырысында берген тапсырмалары қалай орындалып жатқанын да айтты. Жыл басынан бері Ауыр және аса ауыр қылмысқа қатысы бар 146 қылмыстық топ жойылды. Полиция өндірісіндегі барлық қылмыстық іс бойынша азаматтардың 28 миллиард теңгеден астам шығыны өтелді. Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті одан әрі арттыруға қатысты бірқатар міндет жүктеді.

