16 қазан — Дүниежүзілік «Нан күні»

16 қазан — Дүниежүзілік «Нан күні»

Бүгін дүниежүзі «Нан күнін» атап өтіп жатыр. Отандастарымыз жыл басынан бері 326 мың тоннасын тұтыныпты. Отандық наубайханаларға мемлекеттен айтарлықтай жеңілдік қарастырылған. Мәселен, жылына 2 мың тоннадан астам нан-тоқаш немесе кондитерлік өнім өндіретін кәсіпорындарға қаржылай қолдау көрсетеді. Олар бизнесін дамытуға жұмсаған қаражатының 25%-ын мемлекеттен қайтарып ала алады. Бұған қоса, ұн өндірушілер үшін қосымша құн салығы да 70%-ға азайтылған. Айта кетейік, елдегі нан зауыттары жылына 457 мың тоннаға нан өнімдерін шығарады. Оның 60%-ы – кәдімгі бидай ұнынан жасалады.