Су тасқыны кезінде зардап шеккен отбасылардың балаларына арналған жазғы лагерь ашылды
Қостанай облысында «Солнечный» балалар лагері қайтадан есігін айқара ашты. Орталық су тасқыны салдарынан көктемнен бері күрделі жөндеуге жабылған. Қазір жаңарған ғимаратқа алғашқы демалушылар да келіп жатыр.
«Солнечный» лагері Денисов ауданында орналасқан. Бір ауысымда 150 баланы қабылдайды. Бірақ, орталықтың үздіксіз жұмысы көктемде үзілді. Нөпір су аумақтағы бірнеше үйді, айлақты және көпірді талқандаған. Жөндеуге 91 млн теңге бөлініп, бүгінде сәулеті келісіп, өрендер күлкісімен сәні кіріп қалды.

