Жаңа зауыттың іргетасы қаланды
Қазақстан 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізуі тиіс. Осыған орай елде жел генераторлары мен энергия сақтау жүйелерін шығаратын жаңа зауыт бой көтереді. Кәсіпорынның іргетасы «Қорғас-Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағында қаланды. Зауыт жылына 250 жел турбинасы мен 100 энергия сақтау жүйесін өндіреді деп жоспарланып отыр.

