Сарапшылар: спортшыларымызға сенім мол
Ертең дзюдошыларымыз да татамиға шығады. Жанкүйерлер Елдос Сметов пен Абиба Әбужақыновадан үлкен үміт күтіп отыр. Сондай-ақ, спорттық гимнастикадан Милад Карими, веложарыстан Алексей Луценко жарыс жолына шығады.
Иә, ел
асыға күткен әлемдік аламан бүгін басталады. Артта атойлап қалған ағайын
тақымын қысып жағымды жаңалық күтіп отыр. Әсіресе, дзюдодан екі рет олимпиада
көрген Елдос Сметовке сеніміз, - дейді сарапшылар. Абибаға да ел сенеді. Ал,
бокстан Сәкен Бибосыновтың бағы пен бабы басым болуы мүмкін. Бірақ, күні кеше
тартылған жеребе қарсыластардың да оңай шағылар жаңғақ емес екенін аңғартты.

