Трамп Украинаға барлық әскери көмекті тоқтатады
Дональд Трамп Украинаға әскери көмек беруді
уақытша тоқтатады. Бұл туралы Ақ үйдің баспасөз қызметі мәлімдеді. «Украина
Ресеймен бейбіт келісімге келуі керек. Оған дейін біз жәрдемді түгел тоқтатамыз»
делінген хабарламада. Bloomberg агенттігінің мәліметінше, бұл шешім Польшаға жетіп, шекара асқалы
тұрған қару-жарақтарға да қатысты. Трамп мұны қадағалауды Пентагон басшысы Пит
Хегсетке тапсырған. Ал, елдегі ең беделді басылымдардың бірі Wall Street Journal
«Украиналық тараптың қару-жарағы көп дегенде жарты жылға жетеді» деп жазады.

