Сенат рақымшылық туралы заңды мақұлдады

Сенат рақымшылық туралы заңды мақұлдады

Тұрмыста зорлық-зомбылық көрсеткендерге рақымшылық қолданылмайды. Бүгін Сенат рақымшылық туралы заңды мақұлдады. Оған сәйкес, түрлі санаттағы амнистияға 16 жарым мың адам ілігуі тиіс. Соның ішінде 4 мыңға жуығы түрмеден босатылса, 10 мыңнан астамының жазасы жеңілдетіледі. Рақымшылыққа кімдер ілікпейді? Тұрмыста зорлық-зомбылық көрсеткендерден бөлек, терроризм, экстремизм, сыбайлас жемқорлық, азаптау, ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында болғандар мен кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыс жасағандарға кешірім жоқ. Сондай-ақ, алғаш рет әкімшілік амнистия да жасалмақ. Яғни, төленбей қалған айыппұлдар кешіріледі. Бұл шамамен 17 миллиард теңгені құрайды. Заң жобасы Президенттің қол қоюына жіберілді.