Алматыда VI Халықаралық цифрлық форум жұмысын бастады

Алматыда VI Халықаралық цифрлық форум жұмысын бастады

Алматыда VI Digital форумы жұмысын бастады. Биыл GovTech бағыты мен өнеркәсіптегі цифрлық трансформация және инновациялық шешімдерге қатысты көп пікір алмасу болады деп күтілуде. Мәселен, 4.0 Индустрия, ESG,(ИЭСДЖИ) Smart City бағыттарына да ерекше көңіл бөлінеді. Айта кетейік, «Digital Almaty» – бизнес өкілдері мен халықаралық жетекші сарапшылар мен IT саласының өзге де өкілдерінің басын қосып, оларға өз тәжірибесі мен ойларын бөлісе отыра, бірлесіп цифрлық технологияларды одан да жоғары қарқынмен дамытуға арналған бірден бір форум. 6 форумның бір ерекшелігі – диалог алаңы Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы мен Еуразиялық экономикалық одақ өкілдерінің басын біріктіреді. Форум бағдарламасында 40 панельді сессия болып, онда 200 спикер өз ойларымен бөліседі. 3 күнге созылатын бұл басты цифрлық шараға 30 мың адам қонақ болып келеді деп күтілуде. Сонымен қатар жиын барысында қазақстандық шикізат өндірушілер, технопарктер мен өзге де компаниялардың көрмесі өткізіледі. Олар, IT-экожүйесін дамытудағы өз тәжірибесімен бөліспек.