Қазақ брендтері | Димаш Құдайберген, Тұран тобы, Майра Мұхамедқызы, Ninety one

Әр ұлттың өзін айқындап тұратын белгісі болады. Қазақтардың арасында бұрындары таңба арқылы рулар бірін-бірі танып жатса, қазірде халықаралық деңгейде елін таныстыратын белгілі бір символдар бар. Егер оны ресми түрде қарасақ, ол әр елдің туы, елтаңбасы. Алайда мұндай ресми символдардан гөрі, қарапайым халық арасында өнер, өз өнімдері,бұйымы секілді заттар танымалдылыққа тез ие болады.