Жайнамаз қай жерге жайылмайды?

Қыздың жолы жіңішке, әрі жүгі ауыр. Бұл сөздер қайдан шықты, білеміз бе, бір сәт ойландық па? Қазақ қызына деген санамызды түзей алмасақ, онда ел болудан қалатын да түріміз бар. Сондықтан бүгінгі тақырып қыз баласы жайлы өрбіп отыр. Неге? Өйткені бұл - Алла Тағаланың ұлы адамзатқа берген сыйы болып табылады. Егер кімде-кім қыз туылғанына қуанса, Пайғамбардың қуанғанындай сауап алады.