Ацтек үндістері мекендеген Теотиуакан қаласындағы Түркілік белгілер
Ата тегі Алтаймен байланысты америкалық үндістер өркениетті жалғаушы, өркениетті жасаушы халықтар ретінде тарих сахнасында танылды. Олар тұрғызған құрылыстар әлі күнге дейін құпиясын ішіне бұғып жатыр. Солардың бірі де бірегейі – Теотиуакан шаһары. Көне қоныс Мексика астанасы Мехикодан солтүстік-шығысқа қарай 50 шақырымдай жерде орналасқан. «Бабалар ізімен» ғылыми экспедициясы айтулы мекенге арнайы барып, сырлы ғимараттардан сыр суырды.
Теотиуакан – америкалық үндістердің ең көне, ең ірі әрі ең дамыған қаласы. Шаһардың тарихын зерттеген ғалымдардың мәлімдеуінше, адамзаттың бұл жердегі тіршілігі біздің дәуірімізден мыңдаған жыл бұрын басталған.
Теотиуакан атаулы құпиялы қаланың құрылысынан түркілік таныммен түбі бір қандай белгілер анықталды? Кешегі Ацтектердің ұрпағы – бүгінгі мексикалықтардың Наурыз мерекесіне байланысты қай ғұрпында қазақ дәстүрімен ұқсастық бар? Ежелгі үндістер мен сақтардың жерлеу рәсіміндегі ортақтық неден байқалады?