Көкөніс қоймаларының сыйымдылығы 80 мың тоннаға жеткізілмек
Батыс Қазақстан облысының тұрғындары
қыс-көктемде 65 мың тонна картоп пен көкөніс тұтынады. Бұрын бау-бақша
өнімдерін сақтайтын қойма жетпей, кәсіпкерлер қиналатын. Қазір мәселе толық
шешіліп, қамтылу деңгейі 100 пайыздан асты. Аймаққа барған Ауыл шаруашылығы
министрі Айдарбек Сапаров заманауи көкөніс қоймасының құрылысымен танысты.
Бәйтерек ауданында сыйымдылығы 14 мың
тонналық көкөніс қоймасы салынып жатыр.
Осылайша шағын сауда нүктесінен басталған отбасылық кәсіптің көкжиегі
кеңейді. Тараздан көшіп келген Мұсаевтар әулеті бау-бақша дақылын егу, қоймада
сақтау және сатумен айналысады. Тұрақтандыру қорымен келісімшарт жасап,
маусымаралық кезеңде 1 мың тонна картоп пен пияз, 500 тонна сәбіз, 300 тонна
орамжапырақ өткізген.

