Қазақстан мен Қытай өзара сауда-саттықты 35 млрд долларға дейін ұлғайтпақ

Қазақстан мен Қытай өзара сауда-саттықты 35 млрд долларға дейін ұлғайтпақ

Отандық кәсіпорындар аспан асты еліне азық-түлік тауарларының экспортын одан әрі арттырғасы келеді. Осыған байланысты сауда-саттыққа қатысты кедергілер мен шектеулерді алып тастауды жалғастыру аса маңызды. Бұл туралы Қытайдың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісімен кездесуінде Премьер-министр Әлихан Смайылов мәлімдеді. Өз кезегінде Чжан Сяо қытайлық тарап  Қазақстаннан ауыл шаруашылығы өнімдерін импорттауға, IT-сектордағы серіктестікке, көлік тасымалы көлемін ұлғайтуға мүдделі екенін білдірді. Атап айтқанда қос мемлекет үшінші темір жол өткелін ашу,  Транскаспий халықаралық ірі автомобиль жолдарын салу және машина жасау саласында жаңа өндірістерді құруды көздеуде. Қытай елшісі қазіргі уақытта қазақстандық компанияларға Қытайдың ірі сауда платформаларына шығуға белсенді көмек көрсетіліп жатқанын атап айтты. Бұл ретте тараптардың экономикалық қарым-қатынастарды нығайтуына мүмкіндік зор екенін атап өтті.