Қазақстан модельдік цифрлық фабрикалардың тізімін кеңейтеді
Қазақстан модельдік цифрлық
фабрикалардың тізімін кеңейтеді. Бұл жоба 4.0 технологияларын енгізудің тиімділігін іс жүзінде көрсетуге
арналғанын айта кету керек. Модельдік
цифрлық фабрикалар жобасына қатысу кәсіпорынға цифрлық трансформация
саласында ілгерілеуге және өзінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік
береді. Бұған дейін QazIndustry жобаға химия, тамақ, өңдеу, тоқыма өнеркәсібі,
сондай-ақ машина жасау, барлау және басқа да салалардағы 7 кәсіпорынды енгізді.
Нәтижесінде, қатысушылардың бірі, машина жасау зауыты, клиенттерімен
қарым-қатынасты басқару жүйесін енгізді. Бірыңғай цифрлық экожүйе сату,
маркетинг және клиенттерге қызмет көрсету салаларындағы қызметтің ашықтығын
арттыруға мүмкіндік берді. Сонымен қатар тағы бір отандық алтын өндіруші
компания да қатысудан үлкен пайда көрді. Кәсіпорын ашық тау-кен жұмыстарын диспетчерлендірумен
айналысты. Осылайша, ол нақты уақыт режимінде қызметкерлердің жұмыс уақыты мен
жұмыстың тоқтап қалуына мониторинг жүргізуге, жүк тиеу пункттері бойынша
автосамосвалдарды оңтайлы бөлуге септігін тигізді. Сондай-ақ, KPI-ды жан-жақты талдау мен бағалауды жүргізуге
мүмкіндік берді. Сарапшылар атап
өткендей, болашақта жобаның барлық қатысушылары өз салаларында және одан тыс
жерлерде цифрлық технологияларды енгізудің драйверлеріне айналады.