Эрдебильді билеген ер бабамыз
Ер бабаларымыз Эрдебильді қалай биледі? Мың жылдық тарихы бар көне мешітті салдырған кім? Ежелгі қорымда Адай руының таңбалы тасы қайдан тап болды?
Ежелгі Иран даласын адам баласы тым ертеде мекен еткен. Тарихи деректерде, біздің заманымыздан бұрын екі мыңжылдықта бұл аймаққа яғни бүгінгі Иран Ислам Республикасына Орталық Азиядан арий тайпалары барып қоныс тепкені айтылады. Сондықтан да «Бабалар ізімен» ғылыми экспедициясының парсы даласына сапары сырға толы болды.