Қазақ пен корей халықтарының ортақ тарихы
Пусан қаласы да, арғы аталарымыздың тұлпарының тұяғы тиген жер. Құбылай ханның Жапонияға алғашқы жорығы осы маңайдан басталыпты. Пусан және одан аса алыс емес орналасқан Масан атаулы порттарда корей шеберлері кемелер құрастырған. Шамамен 900-дей су көлігі жасалса керек. 1274-ші жылдың күзінде 40 мыңнан аса әскери жолға шығыпты. Оның 15 мыңы – құрамында Дешті-Қыпшақтан шыққан сақа сардарлар мен сайыпқыран сарбаздары бар – моңғолдардың негізгі армиясы. Олардың міндеті – соғысу. Ал қалған бөлігі қытайлықтар мен корейліктерден жасақталған теңізшілер және инженерлік әскер саналған.
Қазақтың арғы бабалары Кореядағы кеме жасау өндірісінің дамуына қалай әсер еткен? Чеджудо аралына жылқыны алып барған кімдер? Ұлы даладағымен ұқсас Таңғы самал еліндегі тас мүсіндер тамырластыққа өлшем бола ма?