Перудің археологиялық ескерткіштеріндегі алтайлық белгілер
Ғылыми экспедиция – Перу елінде. Лима. 1821 жылдан бері Перу Республикасының астанасы. Осы елдің экономикалық «локомотиві».
Колумбқа дейінгі кезеңде қазіргі Лима қаласының аумағын Ичма тайпасы мекендепті. XV ғасырда Инк империясының құрамына қосылған екен. «Бабалар ізімен» ғылыми экспедициясының айтулы шаһарға арнайы келуінің сыры осында. Мұндағы археологиялық ескерткіштерден де алтайлық белгілер анықталды.
«Уака Пукльяна» археологиялық кешеніндегі жерлеу рәсімінің сақтар дәстүрімен сабақтасатынына қандай белгілер айғақ? Америкалық үндістер де алтын бұйымдарын аң стилінде жасаған ба? Наска үстіртіндегі геоглифтерді Торғай даласындағы геоглифтермен не нәрсе байланыстырады?