Ғылыми экспедиция жердің шыңы – Солтүстік полюсте!
Адамзат тарихында алғашқы болып асау жылқыға ауыздық салған көшпелі бабалардың бармаған жері бар ма өзі?! Жапон аралдарын жалпағынан басқанын, тіпті Америка құрлығына дейін асқанын айғақтар негізінде айттық қой. Ал енді мына қызықты қараңыз. «Түкті жүрек» түркі баласы «жер шыңын» да бағындырыпты.
Ғылыми экспедиция жердің шыңы – Солтүстік полюсте. Бұл сапар несімен маңызды болды? Осыдан 5 ғасыр бұрын өмір сүрген түрік картографтары Арктикаға қатысты ақпаратты қайдан алған? Атақты «Челюскин» экспедициясының құрамында болған қырым татары – Ибрагим Факидов қандай ерлігімен есте қалды?
2008 жылы белгілі саяхатшы Сапар Ысқақов жетекшілік еткен экспедиция солтүстік полюске сапар жасады. Бұл еліміздің тарихындағы елеулі оқиға еді. Оған бірінші негіз – тұңғыш рет тәуелсіз Қазақстанның Мемлекеттік Туының тігілуі. Ал екінші негіз – түркілер ерлігінің жаңа заман жағдайында жаңғыруы.