Айдар Абуов: Дәстүрлі діндер съезі – әлемдік ақпараттық аренадағы Қазақстан бренді

Бағдарлама барысында дінаралық және конфессияаралық келісім жайлы әңгіме қозғалмақ. Бағдарлама қонағы – Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығының директоры Айдар Әбуов.
Орталық туралы қысқаша ақпарат:
Біздің мәдениеттер мен діндер халықаралық орталығы 2006 жылдан бері қызмет етеді. Қоғамдық даму министрлігі жанынан ашылған. 2006 жылы әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің II съезінде Елбасы осы орталықты құру идеясын жариялаған болатын. Содан бері 10 жылдан бері дінаралық диалог және конфессияаралық келісім саласындағы зерттеулермен айналысып келеді. Орталықпен бірге елімізде тіркелген 18 діни конфессия өкілдерімен түрлі шаралар ұйымдастырылады. Диалог өзара сыйластыққа, келісімге негізделген.