Алматы облысындағы Алатау қаласы Қазақстанның жаңа визит карточкасына айналады

Алматы облысындағы Алатау қаласы Қазақстанның жаңа визит карточкасына айналады

Алатау қаласын дамыту Қытаймен және Орталық Азия елдерімен сауда және инвестициялық өзара іс-қимыл деңгейін арттыруға, сонымен қатар G4 City жобасын іске асыру бірқатар жаңа өндірістік және коммерциялық жобаны іске қосуға, түрлі салаларда озық тәжірибені енгізуге мүмкіндік береді. Бұл туралы Үкіметте айтылды.  Қала болашақта Халықаралық бизнес-хабқа айналады деп күтілуде. Бұл ретте Дубай, Сингапур, Тяньцзинь сияқты әлемнің әйгілі орталықтарын құру тәжірибесін негізге алу жоспарланып отыр. Сондай-ақ министрлер кабинеті Алатау аумағында инвестициялар тарту және кәсіпкерлік қызметті жүргізу үшін қолайлы жағдайлар жасалып, ынталандыру шаралары көзделетінін атап өтті. Бұл салық және кедендік артықшылықтарға қатысты. Сонымен қатар қала территориясында ерекше құқықтық режимді, оның ішінде Астана Халықаралық Қаржы Орталығы құқығын енгізу мүмкіндігі қаралды. Бұдан басқа үкіметте бизнеспен өзара іс-қимыл кезінде, атап айтқанда, мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі арқылы қажетті инфрақұрылым құрылысын жандандыру қажеттігі айтылды.