«Астана» футбол клубының ойыншысы Марин Томасовпен сұхбат

Бүгінгі бағдарламамызда Race Nation Burabay жарысына шолу жасаймыз. «Астана» футбол клубының биылғы маусымдағы көшбасшысы Марин Томасовпен сұхбат құрып, үстел теннисі бойынша шеберлік сыныбына қатысамыз. 

Марин Томасов – қазір «Астана» футбол клубының негізгі ойыншысы. Хорватиялық футболшы бірден клуб тарихындағы үздік үш сұрмергеннің қатарына енді. Керек кезде ойынды өзіне ала білетін қасиеті бар. Көпшілік оны жақсы футболшы деп біледі. Біз бүгін оның өзге де қырларын ашуға тырысамыз.