Мексикалық Ацтектердің тегі Алтайдан шыққан
«Бабалар ізімен» ғылыми экспедициясы – Алтай текті америкалық үндіс тайпаларының ескі сүрлеуін есте жаңғыртып оңтүстікке қарай ойысты. Мексика да – үндістердің мекені. Мемлекет атауының өзі ацтектердің ұлы құдайы Мекситли есімімен байланысты. Сондай-ақ астанасы Мехико топонимінің де тарихы ацтектермен тамырлас. Осы тайпалық бірлестіктен тарайтын нахуа үндістері өздерін «Мешика» деп атаған. Испандардың келуімен бұл сөз «Мехико» деп оқыла бастапты. Бірақ қаланы салған халық «Мешика» үндістері, яғни ацтектер екенін, ешкім өзгерте алған жоқ.
Мехико қаласындағы қандай тарихи орын – ацтек үндістерінің Алтайлық тегін айғақтайды? Қазақ пен ацтек тілдері қаншалықты ұқсас? Мексиканың Туы мен қазақ халқының «Самұрық» туралы аңызы қай тұрғыдан байланысады? Сондай-ақ бағдарламада лингвистикалық ұқсастықтар, тотемдік наным-сенімдердің жақындығы туралы сөз қозғалатын болады.