Президент Атырау облысының әкіміне халықтың тұрмыс сапасын арттыруды тапсырды | Jibek Joly News

Президент Атырау облысының әкіміне халықтың тұрмыс сапасын арттыруды тапсырды | Jibek Joly News

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақовты қабылдады. Президентке өңір басшысы аймақтағы әлеуметтік-экономикалық жағдай және алдағы кезеңге арналған басым міндеттер туралы баяндады. Болат Ақшолақов облыстағы ірі инвестициялық жобалардың іске асырылуы, мұнай-газ химиясы саласының дамуы, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым нысандарының құрылысы жөнінде есеп берді. Сондай-ақ кездесуде экономиканы әртараптандыру, инженерлік желілерді жаңғырту, көлік инфрақұрылымын жетілдіруге назар аударылды. Әрі экологиялық ахуалды оңалту және республикалық деңгейде қолдауды қажет ететін жобаларды іске асыру мәселелері қаралды. Мемлекет басшысы Атырау өңірінің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге және халықтың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған бірқатар тапсырма берді.