Мемлекет басшысы Ұлытау облысының әкімі Есет Байкенді қабылдады

Мемлекет басшысы Ұлытау облысының әкімі Есет Байкенді қабылдады

Мемлекет басшысы Ұлытау облысының әкімі Есет Байкеннің де есебін тыңдады. Өңір басшысы Президентке аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде баяндады. Алдағы кезеңге арналған жоспарларды да таныстырды. Сондай-ақ, өңірдегі инфрақұрылымды дамыту, инвестиция тарту, өнеркәсіп әлеуетін көтеру, инженерлік желілерді жаңғырту және тұрғындарға сапалы әлеуметтік қызмет көрсету жұмыстары туралы мәлімет берді. Мемлекет басшысы облыстың орнықты дамуын қамтамасыз етуге, өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттыруға және азаматтардың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған бірқатар тапсырма берді.