Серік Жұманғарин: Иран арқылы өтетін теміржолға үлкен жоспарымыз бар еді
Таяу Шығыстағы қақтығыс Қазақстанға қалай әсер етіп
жатыр? Бүгін Сенат кулуарында журналисттер Ұлттық экономика министріне осындай
сұрақ қойды. Серік Жұманғариннің айтуынша, әзірге болжам жасауға ерте. Әліптің
артын бағу керек. Бірақ Иран арқылы өтетін теміржолға біздің Үкіметтің үлкен
жоспары болғаны рас. Бүгінде Қытайдың Еуропаға жіберетін тауарының кей бөлігі
Қазақстан транзитімен Иранды басып өтетін. Әзірге бұл бағыттағы логистика толық
жабылған жоқ. Дегенмен, Таяу Шығыстағы қақтығыс тоқтамайтын болса, транзиттің
бағыттын өзгертуге тура келеді. Грузия
немесе Қытай порттары арқылы Қазақстан экспортын да шығаруға болады.
Бірақ бұл логистиканы біраз қиындататын жол.

