Рамазанның соңғы он күні несімен ерекше ?

Рамазан айының 20 күні өтті. Осы күндері бір-бірімізге жақсы сөз айтып, тазарып, өздеріңізден жақсы өзгерістер байқаған боларсыздар ? Егер байқамаған болсаңыздар, өздеріңізді әлі де болса кемелдендіріңіздер. Ораза - бұл жай ғана ішіп-жеуден тыйылу емес. Ораза - бұл жаман сөздер мен бос сөздерден тыйылу. Осы нәрсеге мән беріңіздер. Оразаның соңғы 10 күндігі - ерекше күндер. Рамазан айының түндерін Алланың сыйына иман келтіріп, үміт етіп, намаз оқумен өткізген адамның бұрынғы күнәлары кешіріледі. Сондықтан осы күндері шын мәнінде құлшылықтарыңызды көбейтіп, дұғалырымызды көбейтейік.