Рамазан - тәубе айы
Бүгінгі тақырыбымыз - Алланы қуантқан тақырып, біздерді жақсылыққа жеткізген тақырып, үмітті жалғаған тақырып - тәубе айы, тәубе ету әрекеті, оның шарттары мен тәубеге берік болу және қателіктен сабақ алу жайлы болмақ. Негізінен, тәубенің шариғаттағы мағынасы - күнәсіне өкініп, одан қайту деген сөз. Күнәлі болу үшін үлкен қателік жасаудың қажеті шамалы. Оның алғашқы табалдырығы - өткен күнәсін ұмыту ғой. Өйткені, тіпті, күнәға етіміз үйреніп кететін жағдайға барады екен. Тәубе - адамзат үшін ең керемет дүние.