Украинадағы Чингуль қорғанында жерленген қыпшақ ханы Тигак туралы не білеміз?
Еуропа аумағындағы ең ірі мемлекет – Украина. «Бабалар ізімен» ғылыми экспедициясы бұл елде бұған дейін болған. Дегенмен қазақ зерттеушілеріне қанша барса да, артық етпейтіні анық. Себебі Шығыс Еуропа да Дешті-Қыпшақтың бір бөлігі саналады. Арғымақ мінген ата-бабалар орта ғасырларда осы атырапта да билік құрған.
Ғылыми экспедиция Украинада. Осы елдің аумағынан табылған алғашқы қобыздың біздің бабаларымызға тиесілі екені қалай дәлелденді? Археология институтында сақтаулы тұрған күміс тостағандағы қос сызық қыпшақтың таңбасы ма? Чингуль қорғанында жерленген қыпшақ ханы Тигак туралы не білесіз?