1 қыркүйек – Білім күні
1-ші қыркүйек. Күз келіп, жаңа оқу жылы басталды. Енді жер-жерде мыңдаған оқушы мектепке барады. Республиканың үлкен-кіші елді мекендерінде Білім күні аталып өтіледі. Бұл күні әр мектепте салтанатты жиын өтіп, алғашқы қоңыраудың сыңғырлаған үні естіледі, әсем ән шырқалып, шәкірттер ұстаздарына гүл шоқтарын сыйлайды.
Білім күні кәсіби мерекелер қатарына 1998 жылы тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен енді. Білім күні отансүйгіштік, кәсіпке деген мақтаныш сезімдерді тәрбиелеу үшін жарлықта бекітілген өзге де 35 дата қатарынан табылды. Қазақстандықтардың бір тобы үшін бұл күн – жаңа белестің бастауы саналады. Оқушылар сабаққа, ал ұстаздар қауымы жауапты да абыройлы қызметтеріне кіріседі.