1 мыңнан астам шетелдік елден шығарылды

1 мыңнан астам шетелдік елден шығарылды

1 мыңнан астам шетелдік елден шығарылды. Бұл республика бойынша өткен ауқымды "Мигрант" профилактикалық шарасының нәтижесі. Олардың көбі заңсыз жұмыс істеп, елде болу қағидаларын бұзған. Сондай-ақ, 2 мыңнан астам қазақстандық шетелдік жұмысшылары туралы уақытылы полицияға хабарламағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жалпы айыппұл көлемі 200 млн теңгеден асты. 500-ден астам жұмыс беруші шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланған. Бұл деректердің көбі Шымкент, Алматы, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарында тіркелген. Сонымен қатар, осы фактілер бойынша қылмыстық істер қозғалды. Іс-шара барысында елден 121 шетелдік депортацияланды. Олардың ішінде 8 адам деструктивті-радикалды ағым өкілі. Жалпы, осы профилактикалық шара аясында елде көші-қон заңнамасын бұзудың 7 мыңнан астам дерегі анықталды. Сонымен қатар, іздеуде жүрген 22 шетел азаматы ұсталды.