138 мың отандасымыз атаулы әлеуметтік көмек алды
Жыл басынан бері 138 мың отандасымыз атаулы әлеуметтік көмек алды. Былтыр
бұл мақсатқа 33 млрд теңге бөлінсе, биыл әлеуметтік көмек мөлшері 2 есе артқан.
Яғни, осы жылы көмекке мұқтаж отбасыларға 63 млрд теңге бөлініп отыр. Атаулы
әлеуметтік көмек табысы кедейлік шегінен аспайтын азаматтарға төленеді.
Сондай-ақ, күн көрісі қиын отбасылардағы 6 жасқа дейінгі әр балаға ай сайын 6,5
мың теңге мөлшерінде косымша төлем беріледі. Қазірдің өзінде 42 мың балаға 270
млн теңге төленген. Оған қоса, әлеуметтік төлем жұмысқа орналасуға, кәсіп
ашуға, грант алуға және оқуға мүмкіндік береді. Ал оны алу үшін азаматтар
тұрғылықты жердегі мансап орталығына, ауыл әкімдігіне немесе egov.kz порталы
арқылы өтініш бере алады.

