151 мың 200-ге жуық қазақстандық коронавирус инфекциясынан жазылып шықты
Өткен тәулікте тағы 745 адамның коронавирустан емделгені хабарланып отыр. Осылайша, қауіпті инфекцияны жеңіп шыққандар қатары 151 172 адамға жетті. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бүгінгі мәліметтеріне сәйкес, өткен 24 сағат ішінде ел аумағында 834 COVID-19 науқас анықталды. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 165 311.
Аймақтардағы эпидемиологиялық ахуал келесідей:
Алматы қаласында - 19980(+122),
Нұр-Сұлтан қаласында -19572(+123),
Шығыс Қазақстан облысында - 19397 (+39),
Атырау облысында - 14614(+75),
Қарағанды облысында - 12571(+40),
Павлодар облысында - 10098(+70),
Батыс Қазақстан облысында - 9752(+40),
Солтүстік Қазақстан облысында - 9350(+59),
Қостанай облысында - 8379(+74),
Ақмола облысында - 8017(+59),
Алматы облысында - 7848(+56),
Шымкент қаласында -5652(+14),
Жамбыл облысында - 5187(+13),
Маңғыстау облысында - 3835(+10),
Түркістан облысында - 3816(+16),
Ақтөбе облысында -3780(+13),
Қызылорда облысында -3463(+11)
Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 91 жағдайы және 2 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 91 адам емделіп шықты.
1 тамыздан барлығы: ауырғандар – 46 590, 532 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 34 209 жетті.