Әлемде коронавирус жұқтыру дерегі артып келеді

Әлемде коронавирус жұқтыру дерегі артып келеді

Коронавирустың жаңа штаммдарының өрши түсуіне байланысты вирусты жұқтыру дерегі де арта түсті. Әсіресе, дүниежүзінде Omicronның  BA.5 штаммы тез таралуда. Бүгінде әлемнің  80 елінде инфекция қайта белең алды. Мәселен, АҚШ-та соңғы күндері 200 мыңнан астам адамның бойында ауру жұқтыру тіркелді. Ауруханаға жатқызылғандар саны да өсті. Екі аптада   көрсеткіш  18%-ке артқан. Індетке шалдығу жағдайының артуына байланысты алғашқылардың бірі болып Лос-Анджелесте қайта локдаун енгізіледі. Бұл шаһардың 10 миллион адамына әсер етеді. Қалада эпидемиологиялық жағдай жақсармаса 29 шілдеден бастап  бетперде тағу талабы қайта күшіне енеді.

Исак Бернато,  қала тұрғыны:

– Қазіргідей эпидахуал кезінде бәрін ақылға салып, барынша сақ әрі болған жөн. Маска вирустан сақтар болса, демек оны таққанымыз дұрыс.