Қазақстандағы тұңғыш репродуктолог - Салтанат Байқошқарова
Республика күніне орай ел мүддесі үшін еңбек етіп, мемлекет дамуына елеулі
үлес қосып жүрген тұлғаларды таныстыруды жалғастырамыз. Бұл жолғы кейіпкеріміз
— кемінде 40 мың баланың анасы атанған, ЭКО әдісінің негізін қалаушы,
Қазақстандағы тұңғыш репродуктолог – Салтанат Байқошқарова. Әрине, ғылым мен
білім, медицина бір орнында тұрмайды. Сондықтан жасанды жолмен ұрықтандыруға
жаңа технологиялар енгізілген.

