1941-1945 жж. Қазақстандық дәрігерлердің тылдағы қызметі
1941-1945 жылдар
Соғыс жылдарында республикадағы жалғыз мединститут жедел оқыту бағдарламасына көшті. Тылда еңбек еткен қазақстандық ақ халаттылардың арқасында, жаралы жауынгерлердің 70 пайыздан астамы қайтадан қатарға қосылды.
1941 жыл. Қазақстанға санитарлық поездар келе бастады. Соғыстың басында Қызыл әскер жеңіліске ұшырады. Минск мен оның маңайындағы қалалар жаудың қолында қалды, Баренцев теңізінен Қара теңізге дейінгі майдан жүріп жатқан жерлердің бәріндегі жағдай осындай еді. Сол себепті жаралылар алғашқы сәттен бастап-ақ, біздің республикамызға жіберілді. Эвакуацияланған госпитальдерді орналастыру басталды. 42-ші жылдың наурыз айында жаралыларды қабылдайтын бөлімдердің саны 78-ге жетті.