195 ауылда дәрігерлік амбулатория ашылады
Биыл 195 ауылда дәрігерлік амбулатория ашылады. Жаңа нысандар «Ауылдық
денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасының аясында салынады. Өткен жылы
осындай 460 медициналық пункт пайдалануға берілген. Жаңа амбулаториялардың
басым бөлігінде күндізгі стационарлар, физиотерапия кабинеттері мен зертханалар
бар. Бұл азаматтардың уақытын үнемдеп, денсаулығын жақсартуға мүкіндік береді.
Бұдан бөлек 32 аудандық аурухана жаңғыртылып, олардың базасында
ангиографтармен, КТ, МРТ жабдықталған кардиологиялық орталықтар, травматология,
реанимация, хирургия бөлімшелері ашылады.

