2023 жылы Қарулы Күштерде мыңнан астам жауынгерлік дайындық шаралары өткізілді

2023 жылы Қарулы Күштерде мыңнан астам жауынгерлік дайындық шаралары өткізілді

Қазақстанның Қорғаныс министрлігі де 2023 жылдың қорытындысын шығарды. Ведомствоның мәліметінше, отандық әскери қызметшілер басқа елдердегі 24 оқу-жаттығу мен жарысқа қатысты. Олар тактикалық-арнайы даярлық деңгейінің жоғары екенін көрсетті. Жауынгерлік жаттығулар Түркия, Әзербайжан, Өзбекстан және Беларусь елдерінде өтті. Өз кезегінде еліміздің аумағында өткен жылы 6 халықаралық оқу-жаттығу ұйымдастырылды. Оған ұшу құрамдары, десанттық-шабуыл әскерлері, сондай-ақ әскери-теңіз күштері қатысты. Ал «Батыл тойтарыс-2023» стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуларының барысын Қазақстан Президенті – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен және жеке  бақылауымен өтті. Жалпы, өткен жылы Қарулы Күштерде мыңнан аса жауынгерлік даярлық шаралары өткізілді. Олардың барлығы жеке құрамның далалық машығын жетілдіруге және бөлімшелерді жауынгерлік үйлестіруге бағытталды.