35 отбасына үй берілді
Теріскейде тасқыннан зардап шеккендерге тағы да үй
үлестірілді. Жаңа баспананың кілті 35 отбасына бұйырды. Осылайша Петропавлда
бүтін бір аудан пайда болды. «Бірлік» деп аталатын сол шағын ауданға 186 отбасы
қоныстанып үлгерді. Бұдан бөлек қалада
700-ден астам азаматқа пәтер сатып алынды.
Жасұлан
Әубәкіров бүгін толқып жүр. Қолына үш бөлмелі үйдің кілті тиді. Көктемде Есіл
тасып, «Косогордағы» баспанасы қирап қалған. Бар жиған-тергенінен айрылып,
күңіренгені есінде. Енді жаңа үйде жаңа өмір бастаймын деп отыр.

