4 жаңа фармацевтикалық зауыт салынады

4 жаңа фармацевтикалық зауыт салынады

Елімізде 4 жаңа фармацевтикалық зауыт салынады. Арнайы қаулыға бүгін Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды. Өндіріс орындары Алматы қаласында, сондай-ақ Түркістан, Алматы облыстарында салынады. Жоспар бойынша, бұл зауыттарда 356 дәрі-дәрмектің түрі шығарылады. Мұнда вирусқа қарсы, антианемиялық, түрлі ауырсынуды басатын, сондай-ақ  онкологиялық ауруларға арналған препараттар да бар. Зауыттың құрылысына 173 млрд теңге инвестиция тартылған. Нәтижесінде 675 жаңа жұмыс орны ашылады.